Ілияс Жансүгіровтің кітабы табылды
Мәдениет • 13 Желтоқсан, 2023
Ілияс Жансүгіровтің бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген кітабы табылды
Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылған. 1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілген. Сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мәлім қылды. Айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.